Атырау облысының батысында күндіз шағын жаңбыр мен найзағай өтеді. Жел бағытын өзгертіп, 15-18 м/с дейін күшейеді.
Қарағанды облысының шығыс бөлігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысында күндіз температура 35-38 градусқа дейін жетеді. Жел 15 м/с дейін күшейеді, ал оңтүстік пен шығыста төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысында 35 градусқа дейін ыстық болады деп болжануда. Облыстың батысы мен оңтүстік-батысында жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл өтеді. Кей жерлерде шаңды дауыл көтеріледі, ал жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-18 м/с-ке жетеді.
Жетісу облысының шығыс және таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай өтеді. Жел 17-22 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл көтеріледі. Күндіз температура 40-42 градус болады, ал облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл өтеді. Жел 23 м/с дейін күшейеді, ал солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысында 35-37 градусқа дейін ыстық болады. Облыстың батысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қауіпі, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл көтеріледі. Тау асуларында жел 25 м/с дейін күшейеді, ал температура 40-41 градусқа жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай өтеді. Күндіз температура 35 градусқа дейін көтеріледі, ал облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел 23 м/с дейін күшейеді. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл өтеді. Жел 23 м/с дейін күшейеді, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді, ал батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл өтеді. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді, ал облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.