Жәрдемақы алушылар 544 мыңнан астам адамды құрады. Мүгедектікке куәландырудың 45%-дан астамы медико-әлеуметтік сараптама бөлімшелеріне бармай, қашықтан онлайн-форматта жүргізіледі.
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы азаматтар техникалық оңалту құралдарын және қажетті қызметтерді өздері таңдайды. Қазіргі уақытта 187 мыңнан астам адам оңалту құралдарымен қамтамасыз етілген, 25 мыңнан астам адам жеке көмекшілер қызметін, 8 мыңға жуық адам ым-ишарат тілі қызметін, 44 мыңнан астам адам санаторий-курорттық емделуді пайдаланады.
2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша аз қамтылған отбасыларға мекенжайлық әлеуметтік көмек 34,5 мың отбасына — бұл 186 мың азаматқа тағайындалды. Бұл мақсаттарға 10,6 миллиард теңге бағытталды.
Бір мезгілде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кәсіптік оқыту және кәсіпкерлік бастаманы қолдау бағдарламалары жұмыс істейді.