Экономика

Астана, Алматы және Шымкент айырбастау орындарындағы валюта бағамдары 2 шілдеде

Kurs.kz деректері бойынша, 2 шілдеде Астана айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы сатып алуға 475,99 теңге және сатуға 482,99 теңге құрады.

2 шілде 2026 · 06:04·Оқу: 1 мин

Астана, Алматы және Шымкент айырбастау орындарындағы валюта бағамдары 2 шілдеде
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·2 шілде 2026

Астанада еуроны 543,99 теңгеге сатып алды, 553,99 теңгеге сатты. Ресей рублі 5,75–6,05 теңге аралығында саудаланды.

Алматыда доллар сатып алу кезінде 479,86 теңге, сату кезінде 481,89 теңге тұрды. Еуроны 545,13 теңгеге сатып алды, 550,36 теңгеге сатты. Рубль 5,87–6,01 теңге шегінде болды.

Шымкентте долларды сатып алуға 479,68 теңгеге, сатуға 481,68 теңгеге ұсынды. Еуроны 544,57 теңгеге сатып алды, 551,29 теңгеге сатты. Рубль 5,87–5,98 теңгеге саудаланды.

Бүгінгі ресми бағам: доллар — 479,26 теңге, еуро — 546,21 теңге, рубль — 6,13 теңге. 1 шілдедегі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 0,72 теңгеге төмендеп, 479,26 теңге деңгейінде бекітілді.

Пікірлер