Тапсырма екі ай мерзімде орындалуы тиіс. Ұсыныстарды үкіметке халықты әділ және мақсатты қолдауды сақтауды ескере отырып енгізу қажет.
Үкімет басшысы сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде отандық өндірушілерді кепілдендірілген тапсырыспен қамтамасыз етуді талап етті. Өнеркәсіп және энергетика министрліктеріне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, бір ай мерзімде тек қазақстандық өндірушілерден сатып алынатын мұнай-газ жабдықтарының тізбесін бекіту тапсырылды.
Тұтынудың өсуі жағдайында қолжетімді газ көлемі ең алдымен халықтың қажеттіліктері мен жоғары технологиялық өндірістерге бағытталуы тиіс. Энергетика министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, бір ай мерзімде тауарлық газға қосылуға үміткер жаңа кәсіпорындар үшін энергия тиімділігі критерийлерін әзірлеу тапсырылды.
Ресурсты энергияны көп тұтынатын және төмен тиімді өндірістерге беру тәжірибесін тоқтату тапсырылды. Сонымен қатар, Премьер-министр бұған дейін Қашаған, Қарашағанак және Жаңаөзен газ өңдеу қуаттарындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарына апта сайынғы бақылауды енгізуді тапсырған болатын.