Ең көп төмендеуді қызанақтар көрсетті — минус 8,5 % және қияр — минус 8,3 %. Сондай-ақ жұмыртқа 1,5 %-ға, алма 1,1 %-ға, жаңа, салқындатылған және мұздатылған балық 0,4 %-ға, күнбағыс майы 0,2 %-ға және айран 0,1 %-ға арзандады.
Күріш, нан және сүт бағасы өзгеріссіз қалды.
21 тауар позициясы бойынша өсім тіркелді. Қырыққабат 7,9 %-ға, пияз және картоп — 1,9 %-ға, қант — 1,6 %-ға қымбаттады. Қалған позициялар бойынша өсім бір пайыздан аз болды.
Өңірлік бөліністе бағаның өсуі төрт облыста байқалды: Ақмола облысында — 0,2 %-ға, Атырау, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында — 0,1 %-ға. Астана, Алматы, Қарағанды және Жамбыл облыстарында баға индексі өзгермеді.
12 өңірде бағаның төмендеуі орын алды. Ең айқын дефляция — Қызылорда облысында (минус 0,9 %). Ақтөбе, Ұлытау, Қостанай және Түркістан облыстарында баға 0,3 %-ға, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында — 0,2 %-ға, Шымкент, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарында — 0,1 %-ға төмендеді.
Сауда және интеграция министрлігі баға белгілеуді бақылау жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынан бері өңірлік комиссиялар 581 отырыс өткізді, шекті сауда үстемесінен асып кету үшін 2434 әкімшілік қаулы шығарды және 26,5 мыңнан астам тауар тізбегін талдады, 3816 бұзушылық қаупін анықтады.
Нарықты қамтамасыз ету үшін «ҚТЖ-Экспресс» АҚ арқылы шамамен 28,9 мың тонна картоп, 8,6 мың тонна сәбіз, 4,7 мың тонна пияз және 200 тонна қырыққабат жеткізілді. Қызанақ, қияр, жұмыртқа, күнбағыс майы және сиыр еті бағасын тұрақтандыру бойынша меморандумдар қолданылады. Жыл басынан бері 3980-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.