Келісім Қазақстан Республикасы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында қол қойылды. Іс-шараға өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қатысты.
Solidcore Resources бас директоры Виталий Несистің айтуынша, бұл мәміле компанияға жобаны табысты іске асыруға толық сенімділік береді. Капиталдық шығындар шамамен 1 млрд доллар деп бағаланады және операциялық ақша ағындары мен тартылған қаржыландыру есебінен өтеледі.
ЕБРР-дің Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Озхан жобаның Қазақстанға қосылған құнның көп бөлігін ел ішінде құруға және сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Кәсіпорын автоклавты тотықтыру технологиясын қолдана отырып, толық циклді жоғары технологиялық өндірістің елдегі алғашқысы болмақ.
ЕГМК іске қосылғаннан кейін жылына 300 мың тоннаға дейін алтын құрамды концентратты өңдей алады. Доре қорытпасындағы алтынның жылдық шығарылымы Қызыл кен орнының концентраттары мен бөгде шикізаттан 500 мың унцияға дейін жоспарлануда.
Кәсіпорында шамамен 500 тұрақты жұмыс орны құрылады. Құрылыс кезеңінде шамамен 1 000 адам қажет болады.
Solidcore Resources — Қазақстандағы алтынның жетекші өндірушісі. Компания МФЦА-да тіркелген, оның акциялары МФЦА Биржасында (AIX) сатылады. Портфелінде екі жұмыс істеп тұрған кәсіпорын және ірі даму жобасы бар.