Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Кусетов 11 адам адвокаттардан заңгерлік көмек алғанын айтты. Үш адамға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілді. Бір бала нәресте үйіне орналастырылды.
29 жәбірленуші мемлекеттік қорғаумен қамтамасыз етілген. Зиянды өтеу қорынан екі адамға өтемақы төлеу жоспарлануда.
Ішкі істер министрлігі басқа органдармен бірлесіп мәжбүрлі еңбек жағдайларын анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Жылдың бірінші жартыжылдығында мобильді топтар 155 рет шығып, сегіз мыңнан астам ауыл тұрғындарын, шаруа қожалықтарының басшылары мен қызметкерлерін қамтыды.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандарды сексуалдық пайдалануға тартылудың алдын алу мақсатында 177 білім беру ұйымында кездесулер мен лекциялар өткізді.
2026 жылдың басынан бастап ішкі істер органдары адам саудасына байланысты 80 қылмысты тіркеді.