Бүгін Щучинск қаласында облыс әкімінің қатысуымен Ақмола облысы ІІД жедел басқару орталығының салтанатты ашылуы өтті.
Щучинск-Бурабай курорттық аймағының дамуымен, VIP-тұлғалардың, шетелдік делегациялар мен туристердің келуінің артуымен, сыртқы бейнебақылау аймағын кеңейту мақсатында Щучинск қаласында Жедел басқару орталығы іске қосылды. Облыс әкімі ІІБ қызметкерлері мен Щучинск қаласының тұрғындарын орталықтың ашылуымен құттықтап, аппараттық-бағдарламалық кешенді аралап көрді.
Жедел басқару орталығының жұмысы қалада да, туристік аймақта да криминогендік жағдайды жақсартуға, қылмыспен күреске және жалпы жағдайды бақылауды жүзеге асыруға бағытталған. Барлығы 20 бейнекамера орнатылды: Щучинск қаласында 15 бейнекамера және Бурабай ауданының Бурабай кентінде 5 бейнекамера. Щучинск қаласы ЖБО ақпараттық жүйесін жабдықтауға 538 млн теңге, бейнебақылау жүйесін орнатуға 57 млн теңге жұмсалды. Ең жаңа жүйелер мен арнайы дайындалған қызметкерлер күндіз-түні қызмет атқарады. Щучинск қаласында ЖБО енгізілуіне байланысты қылмыстарды ашуда және әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтауда ЖБО техникалық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, ІІБ ТПҚ патрульдік жасақтарымен тығыз өзара іс-қимыл және Жедел басқару орталығының дер кезінде жедел әрекет етуі қамтамасыз етіледі. Осылайша, ІІБ ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен 3 қылмыс, 99 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Осыған ұқсас орталықтар республиканың барлық өңірінде жұмыс істейді. Олар қоғамдық тәртіпті тәулік бойы күзетуге қатысатын күштердің үйлестірушісі ретінде өз тиімділігін дәлелдеді. Щучинск-Бурабай курорттық аймағының дамуымен туристердің жыл сайынғы келуі 500 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл орталықтың енгізілуі жедел әрекет етуге, халық пен туристердің қауіпсіздігін арттыруға және жасалған құқықбұзушылықтарды ашуға септігін тигізеді.