Табылған дене туралы ақпарат алғашқыда әлеуметтік желілерде пайда болды. Құқық қорғау органдары: таулы жерде дененің табылуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
Хабарламадан кейін бірден тергеу-оперативтік топ оқиға орнына шықты. Қаза тапқан адамның жеке басын анықтады, оның полицияға тиесілігін растады.
Оперативті-іздестіру іс-шаралары барысында бірнеше күдікті ұсталды. Олардың арасында қаза тапқан адамның жұбайы мен ұлы болып шықты. Барлығын уақытша ұстау изоляторына орналастырды.
Қазір тергеушілер болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті әрекеттерді жүргізуде.