Мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық мәселелерін шешуді маңызды басымдықтардың бірі деп атады. Стратегиялық мақсат – Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін озық жоғары технологиялық секторға айналдыру.
Сөйлеген сөзінде Президент жасанды интеллектті дамыту жоспарлары туралы да айтты. Goldman Sachs болжамы бойынша, ЖИ әлемдік экономикаға 7 трлн доллардан астам қосады. Қазақстан толықтай цифрлық мемлекет болуды көздеп отыр, бұл үшін жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен ЖИ дамыту кеңесі құрылды.
Ел NVIDIA негізінде екі суперкомпьютер және «Долина ЦОДов» жобасын іске қосты. Alem.ai халықаралық орталығының базасында Tumo және Tomorrow School мектептері ашылды. Жаңа Конституция бойынша ерекше құқықтық мәртебе берілген «Ақылды қала» Алатаудың дамуына ерекше назар аударылуда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге келген күні Бельгия премьер-министрі Барт де Вевермен, сондай-ақ ЕО басшылары Антониу Кошта және Урсула фон дер Ляйенмен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастар тарихтағы ең жоғары деңгейде екенін атап өтті. Көлік-логистикалық байланыстарды нығайту мәселесі талқыланды. Еуропалық кеңес Президенті Қазақстанды Еуропа мен Азия арасындағы көпір деп атады. Сапар қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданды.