Бір ошақ Ақмола облысында, екеуі Батыс Қазақстан облысында, біреуі Абай облысында, екеуі Қостанай облысында және біреуі Павлодар облысында тіркелді.
Өрттер РМҚК «Қазавиаорманқорғау» авиациялық патрульдеу кезінде, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман қорғаудың тұрақты мониторингі арқылы анықталды.
Өшіруге мемлекеттік орман қорғау қызметкерлері, РМҚК «Қазавиаорманқорғау» авиациялық өрт сөндіру қызметінің десантшылары, тікұшақтар, арнайы техника және өзара әрекеттесетін қызметтердің күштері тартылды.
Жедел әрекеттердің арқасында от елді мекендер мен орман алқаптарына таралмады. Ошақтарды оқшаулау және жою жұмыстары жалғасуда, жағдай бақылауда қалып отыр.
Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінде аномалды ыстық пен найзағай фронттарына байланысты азаматтар мен орман пайдаланушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
Қатонқарағай тауларындағы өрт 1400 метрден астам биіктікте тоқтатылды.