Атырау облысында полиция әлеуметтік желілер арқылы есірткі сататын екі ұйымдасқан топты анықтады. Бір мезгілде есірткі саудагерлеріне тиесілі 108 криптовалюталық шот бұғатталды.
Бұғатталған шоттардағы сома шамамен 4 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар құқық қорғау органдары жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтті.