Шегірткенің негізгі дамуы аймақтың оңтүстік аудандарында байқалады. Мониторингті Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжам әдістемелік орталығының қызметкерлері қосымша тартылған тексерушілермен бірге жүргізеді. Барлығы 256 адам жұмылдырылған.
Тексеру жұмыстары 1,4 млн гектар алаңда жүргізілді. Экономикалық зияндылық шегінен асатын ошақтар 63,1 мың гектар алаңда анықталды. Оның 95,1%-ы өңделді.
Өңдеу жұмыстары қайда жүргізілуде
Жұмыстар Амангелді, Жангелді, Науырзым аудандарында және Арқалық қаласында жүргізілуде. 45 бірлік техника, соның ішінде жерүсті бүрку құрылғылары, агродрондар, аэрозольді газ генераторлары және жеңіл авиация жұмылдырылған.
Жалпы жағдай
Басқармада биыл анықталған ошақтардың алаңы және өңдеу көлемі өткен жылғы көрсеткіштерден төмен екенін атап өтті. Егіс алаңдары мен жайылымдарға қауіп жоқ.
Қазақстан бойынша шегірткеге қарсы миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары өңделді.