Бұқтырма су қоймасы 1960 жылы Ертіс өзеніндегі
Бұқтырма СЭС-інің бөгеті көмегімен пайда болды. Су қоймасы 2 бөліктен тұрады: өзендік — Ертіс өзенінің аңғары бойынша және Зайсан көлі. Бұл Қазақстандағы ең ірі су қоймасы, оның ұзындығы 425 км, ең үлкен ені 35 км, орташа тереңдігі 9,6 м. Бұқтырма су қоймасы әділ түрде Қазақстанның ең әсем жерлерінің бірі саналады, оны үлкен көлемі үшін теңіз деп те атайды. Бұқтырма теңізі Алтай тауларының ортасында орналасқандықтан, ол жерлердің бар сұлулығын тек елестетуге ғана болады.
Бұл өлкенің табиғаты таңғажайып әсем, көк терек пен шетен ағаштары аралас қылқан жапырақты ормандар ертегідей жерді еске түсіреді. Теңізді қоршап тұрған айбынды таулар, ең бастысы — шипалы шөптер мен таудың тазалығына толы ауа, осының бәрі Бұқтырмадағы жайлы демалысқа ықпал етеді. Мұнда демалуға Қазақстан тұрғындары да, республика қонақтары да келеді,
Бұқтырма су қоймасы әсіресе Шығыс Қазақстан тұрғындары арасында танымал. Бұқтырма су қоймасында негізінен жазғы кезеңде, шілдеден тамызға дейін демалады. Бұл кезеңде су +23 градусқа дейін жылиды. Кеңес дәуірінде де Бұқтырмадағы демалыс танымал болды, бірақ ол кездегі демалыс аймақтары айтарлықтай жайлылығымен ерекшеленбейтін.
Соңғы жылдары Бұқтырма су қоймасының жағалауы айтарлықтай көркейді, мұнда орта тап туристеріне бағытталған жаңа жеке базалар пайда болды. Бұқтырмада жоғары санатты үйлер де бар, бұл негізінен жалға берілетін жеке үйлер немесе 3-4 коттеджден тұратын шағын базалар. Жағалау бойымен, «Голубой залив» демалыс үйінен бастап «Новая Бухтарма» поселкесінің ауданына дейін орналасқан демалыс базалары ерекше танымал. Мұнда демалыс үйлері шырша мен қарағайдың жасылдығына көміліп тұр, сондықтан демалушылар осы жағалауды жөн көреді. Отбасылық демалыс үшін Мохнатка демалыс базасы ең қолайлы саналады, ол басқа базалардан біршама қашықтықта орналасқан. Атауының өзі оның «Мохнатая» тауының жанында орналасқанын аңғартады. Мұнда тыныш әрі рахат.
«Аюда» демалыс базасы таулар мен аңғарлар көркем ормандарға ұласатын бірегей жерде орналасқан, онда демалушылар саңырауқұлақ пен орман жидектерін тере алады. Ясная Поляна санаторийі қылқан жапырақты ормандармен қоршалған шығанақта орналасқан. Қысқасы, Бұқтырмадағы демалыс қызықты ғана емес, денсаулыққа да пайдалы болуы мүмкін, өйткені қылқан жапырақты орманның емдік қасиеттері туралы баяғыдан белгілі.