Шешуші кездесуде ол поляк спортшысы Камиль Томаш Косьчолекті жеңді.
Қазақстан құрамасы жеті медальмен өнер көрсетуді аяқтады. 61 кг дейінгі салмақта Асыл Айтақын да алтын медаль жеңіп алды. Күміс медаль Нұрқожа Қайпановқа (74 кг) бұйырды.
Қола жүлдегерлер: Әділет Алмұхамедов (61 кг), Нұрданат Айтанов, Мейрамбек Қартбай (57 кг) және Начын Куулар (65 кг).
Будапештте параллельді түрде әйелдер күресінен жарыстар басталды. Бірінші күні 50 кг дейінгі салмақта Зейнеп Баянова қола медаль жеңіп алды.