Турнирде Қазақстанды 111 спортшы қорғады. Ең көп медальді синхронды жүзу құрамасы әкелді — 25 медаль, оның ішінде 14 алтын, 7 күміс және 4 қола.
Жарыстардың соңғы күні бұл команда чемпионаттың командалық есептегі кубогын жеңіп алды.
Басқа түрлердегі медальдар
Жүзуде қазақстандықтар 16 медаль алды: алты алтын, жеті күміс және үш қола.
Суға секірушілер қоржынға алты медаль қосты — бір алтын, үш күміс және екі қола.
Қазақстанның U19 ерлер құрамасы су добынан Азия вице-чемпионы атанды.