Командаға 20 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Арман Варданян ауысты. Бұған дейін ол армяндық «Гандзасар» және екібастұздық «Батыр» клубтарында ойнаған.
Шабуыл шебі 29 жастағы хорватиялық шабуылшы Никола Бурич есебінен күшейді. Загребтік «Динамо» тәрбиеленушісі Хорватия, Италия, Словения және Албания клубтарында ойнаған, соңғы командасы албандық «Эгнатия» болды.
«Астана» албандық «Динамо Сити» командасынан жеңілгеннен кейін Конференциялар лигасындағы өнерін аяқтады.